Kaspersky Security Center 14.2 Web Console бағдарламасы, Kaspersky бағдарламалары қорғайтын ұйым желілерінің қауіпсіздік жүйесінің күйін бақылауға арналған бағдарлама (веб-қолданба) болып табылады.
Бағдарламаның көмегімен сіз келесі әрекеттерді орындай аласыз:
Kaspersky Security Center 14.2 Web Console бағдарламасы браузер арқылы Басқару серверімен өзара әрекеттесуді қамтамасыз ететін веб-интерфейс болып саналады. Басқару сервері – бұл сіздің желіңіздің құрылғыларына орнатылған Kaspersky бағдарламаларын басқаруға арналған бағдарлама. Басқару сервері сіздің желіңіздің құрылғыларымен қорғалған (SSL) байланыс арналары арқылы байланысады. Сіз браузер арқылы Kaspersky Security Center 14.2 Web Console серверіне қосылған кезде, браузер Kaspersky Security Center 14.2 Web Console серверімен қорғалған (HTTPS) қосылымды орнатады.
Kaspersky Security Center 14.2 Web Console сервері келесідей жұмыс істейді:
Kaspersky Security Center 14.2 Web Console көп тілді бағдарлама болып саналады. Бағдарламаны қайта ашпай-ақ интерфейс тілін кез келген уақытта өзгертуге болады. Егер сіз Kaspersky Security Center 14.2 Web Console бағдарламасын Kaspersky Security Center Linux-пен бірге орнатсаңыз, Kaspersky Security Center 14.2 Web Console бағдарламасы орнату файлымен бірдей интерфейс тіліне ие. Егер сіз тек Kaspersky Security Center 14.2 Web Console орнатсаңыз, бағдарлама операциялық жүйемен бірдей тілге ие. Егер Kaspersky Security Center 14.2 Web Console бағдарламасы орнату файлының немесе операциялық жүйенің тілін қолдамаса, онда ағылшын тілі әдепкі бойынша орнатылады.
Басына оралу